Тілсіз жаудың тұтануына темекі тұқылы себеп болды

311

Шымкентте ер адам темекі тартамын деп, абайсызда өрттің құрбаны болды. Шымкент қаласы Әмір Темір көшесіндегі «Керемет» демалыс аймағында аумағы бір шаршы метрді құрайтын үйден өрт шыққан.

Күзетші үйінен 1967 жылы туған 51 жастағы ер адамның мәйіті  табылған. Шымкент қалалық ТЖД мәлімдеуінше, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылмапты. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығу себебі темекіні абайсыз пайдалану болуы мүмкін дейді мамандар.

«Шымкентте өрт оқиғаларының 20 пайызында осындай себептермен адамдар ажал құшқан. 2018 жылдың 11 айында темекі тартудың салдарынан орын алған 21 өрт оқиғасы тіркелген»-деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметі.