Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99-бабына сәйкес банкроттықты басқарушы банкроттың мүліктерін сатуда сату жоспарына сәйкес немесе тікелей сату әдісімен электрондық аукцион арқылы сатады.

Бұл ретте, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 28.03.2018 жылғы шешімімен «Южполиметалл ӨК» АҚ банкрот деп танылып, банкроттық рәсім қозғалған.

Аталған борышкердің атына Шымкент қаласы Бадам ауыл округінде тіркелген жер телімін сату мақсатында банкроттықты басқарушымен www.gosreestr.kz web-порталында электрондық аукционға қойылған болатын. Ағымдағы жылдың 22 қараша күні аукционға қатысушылар саны 3 сатып алушыларды құрап, «Южполиметалл ӨК» АҚ жер телімі сатылды.

Борышкерлердің мүлкіне потенциалды сатып алушылардың шеңберін электрондық аукцион арқылы хабардар болу деңгейін арттыру, сонымен қатар сатып алушылардың саның ұлғайту мақсатында, сот шешімімен банкрот деп танылған «Стамбул үйлері» ЖШС мүліктерін сату бойынша электрондық аукцион 13.12.2018 жылы www.gosreestr. kz мемлекеттік мүлік тізілімінің web-порталында өткізіледі. Электрондық аукцион арқылы сатылымға мына төмендегі мүліктер қойылады: Шымкент қ., 17 м/ауд, 5Б үйде орналасқан мекен-жайы бойынша екі және үш бөлмелі пәтерлері; Құрманғазы көшесінде орналасқан 0,0789 га. құрайтын жеке меншік құқығымен жер телімі сатылады.

Сол сияқты, сот шешімдерімен банкрот деп танылған «Меланж» және «Ютекс» АҚ мүліктерін сату бойынша бағалау жұмыстары аяқталып, электрондық аукцион арқылы сату ұйымдастырылуда. «Меланж» және «Ютекс» АҚ мына төмендегі мүліктері 2019 жылдың қаңтар айында электрондық аукцион арқылы сатылымға қойылу жоспарлануда:

Оның ішінде ПАЗ 4234, HOWO ZZ3257M 3641, MAZDA626, Volkswagen Caravelle, ЗИЛ 431412, Opel Vectra, Skania, BOALLOV, ЗИЛ ММЗ 4502, ЗИЛ 130, ГАЗ 322132 көліктері бар.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Оңалту және банкроттық басқармасына 8 (7252) 35-33-23 телефон арқылы хабарласуға немесе www.gosreestr. kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы мәлімет алуға болады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Оңалту және банкроттық басқармасы