Шымкент қаласы әкімдігінің 13.04.2016 жылғы «Қала аумағындағы ретсіз сауданың алдын-алу, жою жұмыстарының барысы» туралы №649 қаулысына сәйкес, қаланың сәулеттік келбетін сақтау мақсатында Әл-Фараби ауданында ретсіз саудамен және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында, ҚР-ның «Жер» Кодексінің 43-бабына және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 136-шы және 204-бабына сәйкес, А.Байтұрсынов көшесі «Баян Сұлу», «Студенттер қалашығы» аялдамаларының жанындағы дүңгіршектер, І.Есенберлин көшесі «Томпақ шөжек» дүңгіршегі сонымен қатар Володарский көшесі «Магнум» СҮ-не қарсы бетте орналасқан бастырма иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз дүңгіршектер орындарынан алынды.
Қазіргі таңға, ағымдағы жыл басынан бастап Әл-Фараби ауданы бойынша орнынан алынған жалпы дүңгіршектер саны 74-ті құрап отыр. Алдағы таңда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.