Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 12.10.2018 ж. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен Жалпыұлттық жоспар бекітілуіне байланысты ауданда тиісті жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, бүгінгі күнге Төлеби ауданында барлық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер бұл жоспармен таныстырылды. Нақты атағанда, «Компания ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС басшыларынын 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысшылардың жалақысың көтеру бойынша келісім хаттар алынып, басқармаға жолданды.
Соңымен қатар, аудандағы барлық кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден төмен болмауына уәде етті.