«Жаңа шаһардағы» жер үсті өткелінің құрылысына тағы да қаражат қажет

312
Владимир Мартынов, бас инженер

Шымкентте сақалды құрылысқа айналған  жол үсті өткелінің құрылысы биыл да аяқталмайды. Темірлан тас жолы бойындағы  жер үсті өткелінің құрылысы қайта жанданды.

Темір конструкциялар монтаждалуда 

Манкелдин көшесі мен Темірлан тас жолы қиылысында салынып жатқан өткелдің құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылысы  неліктен ұзаққа созылғаны жайлы мердігерден білген болатынбыз.

Владимир Мартынов, бас инженер

Владимир Мартынов, бас инженер: «Құрылысты тез аяқтауға ынталымыз, алайда қаржыландыруда күрделік бар. Құрылысқа көптеген материалдар, металлдар қажет. Әзірге сатып алуға қаражат жоқ. Электродтар, құрылыс материалдары керек. Компания бүгінде  құрылысқа өз қаражатын 17 млн. теңге жұмсады. Осыған дейін нысанды екі мердігер компания салған. Біз солардың жұмысын жалғастырудамыз. Жобаның құны 225 млн. теңге. Алайда, құрылыстың басталғанына 3-4 жыл өткен. Қазіргі таңда материалдардың құны шарықтап кеткен. Сондықтан, жобалық-сметалық құжатқа өзгерістер енгізіп,  толықтыру керек».

Біз  бас инженерден  құрылысты аяқтау үшін неше  қаржы керек екенін сұраған болатынбыз. Орта  есеп бойынша 60-70 млн. теңгедей қаржы керек екен. «Жер үстінен өтетін өткел өте күрделі нысан, сондықтан да көп ақшаны талап етеді дейді тәжірибелі» құрылысшы.

Шынар Оразова