Жалған 300 мың АҚШ долларын өткізбек болған әскериге қатысты сот өтіп жатыр

229
Azh.kz

Шымкент әскери сотында шетел валютасын қолдан жасады деген айыппен әскери қызметкерге қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Әскери қызметкер мен полицей және екі жұмыссыз 300 мың көлеміндегі ескі үлгідегі АҚШ долларын валюта айырбастау нүктесінен алмастырмақ болады. Ескі үлгідегі доллар онымен қоймай жалған болып шыққан.

Жасанды ақшаның сапалы жасалғаны сондай заманауи жаңа құрылғыда ғана анықтау мүмкін болған. Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушылар болса, бұл ақшаның Армения елінен жіберілгенін, сондай- ақ, жалған екендігінен хабарсыз болғандықтарын айтып кінәсін ішінара мойындап отыр. Сот процесі әлі де жалғасады.

Жанар Есенбекова