Жамбыл облысының тұрғыны Елбасының құрметіне қызына ерекше есім қойған

276
Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Жамбыл облысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аты-жөнінен құралған Нұрәбіназ есімді қыз тұрады. Оны әкесі Елбасының құрметіне осылай атаған деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ. Нұрәбіназ мемлекет басшысының есімі, әкесінің аты мен тегінің қысқартылған түрі болып табылады.

«Барлығы неге атың Нұрәбіназ деп сұрайды. Мен оларға әкем Елбасының аты-жөнінен осындай есім құрап, қойғанын айтамын. Ал үйде мені барлығы еркелетіп, Әбіш»деп атайды», — дейді жасөспірім қыз.

Нұрәбіназдан бөлек, Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 мыңнан аса балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен. Сондай-ақ, , Қазақстанда 90-нан аса Саммит есімді бала өмір сүреді.

Қазақстандықтар түрлі мемлекеттік мерекелерге орай, жаңа туған сәбилеріне Тәуелсіздік, Бәйдібекэкспо, Саммит, Нұротан, Теңге және Мәңгілік деген есімдерді де берген.