4 желтоқсаннан 5-не қараған түні Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысында «Лада Приора» көлігі жас қызды қағып кетті.
Оқыс оқиға «Лада Приора» және «Равон Р-4» көліктерінің соқтығысуы салдарынан орын алған. «Равон» көлігі А.Байтұрсынов көшесінен Түркістан көшесіне өтіп бара жатқан. Ал «Приора» көлігі Тәуке хан даңғылынан Б.Момышұлы көшесіне бағыт алған.
Қиылыста «Равон» «Лада» көлігінің оң жақ бүйірінен қаққан. Соққының салдарынан «Лада» көлігі ұшып кетіп, жаяу жүргіншіні соққан.
Оқиға орнына құқық қорғау органы қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жетті. Зардап шеккен жас қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң ауруанаға жеткізілді. Екі жеңіл көлікке аздаған зақым келтірілген. Жол жүру ережелерін кім бұзғаны, бағдаршамның тиым салынған жарығына кім өтіп кеткенін құқық қорғаушылары анықтайтын болады. Тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.