Ел тәуелсіздігін алуда 1986 жылғы оқиғаның ықпалы орасан зор. Бұл 16 желтоқсанда орталық алаңға шыққан сол кездегі қазақ жастарының негізгі пікірі. Иә, олар әр елге өз көсемі керек деген ұранмен жиналды.
Бейбіт шеруге шыққан жас толқын қудалауға ұшырады. Бірақ, өр намысты жастардың жігерін ешкім жанши алмады. Елі үшін өре түрегелгендердің бірі — Сәбит Исабеков. Жан сырын «Желтоқсан желі тоңдырғандар…» айдарында бөлісті.
Сәбит Исабеков — 1966 жылы Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Украинада әскери борышын өтеген. «Желтоқсан оқиғасына» дейін Алматы ЖМУ-30 мекемесінде хатшы болған. Ал «Желтоқсан оқиғасынан» кейін 4 жылға сотталған. Екі жарым жылдан соң темір тордан босатылды. Тек 1991 жылы ғана ақталды.
Назерке Үкібасова