фото В-курсе.ру

Шымкенттік құтқарушылар үйіне кіре алмай қалған зейнеткерге көмек қолын созды. 112 құтқару қызметіне Орманов көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын зейнеткер пәтерінің клтін жоғалтып алғандығы және құтқарушылардан көмек сұрағандығы туралы хабарлама келіп түскен. Әбден әбіржіген қария 3 сағат бойы үйіне кіре алмай қалған.

Қоңырау түскен орынға келіп жеткен құтқарушылар сатымен терезе арқылы кіргенді жөн деп тапты. Терезені әп — сәтте ашып үлгерген құтқарушы Ибрагим. М балкон арқылы пәтерге кіруге мүмкіндік алды. Артынша есікті оңай ашты.
Пәтердің қожайыны құтқарушылардың жедел әрекетіне алғысын жаудырды. Міндеттерін абыройлы атқаруына тілектестігін білдірді.

Павел Вишенин, Шымкент қалалық төтенше жағдйлар жөніндегі департаментінің құтқару қызметінің жетекшісі