Қазығұрт ауданында ТО ПД полицейлері алдын алу шараларын жүргізу барысында автокөлігінде ұрлаған қойлары бар шопанды құрықтады. Патруль кезінде ТО ПД жол-патрульдік полиция қызметкерлері трассаның бірінен тәртіп сақшаларына күмән тудырған «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты.
Полицейлер тексеру барысында көліктің жүк салғышынан жүргізушіде құжаты жоқ 3 қойды тапты. Анықтағандай, күдікті, Қазығұрт ауданының тұрғыны шопан болып жұмыс істеген жергілікті шаруашылықтан мал ұрлаған. Полицейлер полиция бөліміне ұсталғанды өткен барлық мән-жайларды анықтау үшін жеткізді.
Болған жайт ҚР ҚК 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша СДТБТ тіркелді. Жәбірленушіге келген зиянның жалпы мөлшері 100 мың теңгеге жуық соманы құрайды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғанның басқа қылмысқа қатыстылығын анықтауда.
Өз кезегінде, ТО полицейлері мал иелеріне сергек болуын және малдарын жайылымда қараусыз қалдырмауын және үй жануарларына таңба, бирка салуды, өз мал шаруашылықтарын бекемдеу қажеттілігін ескертеді. Мал жоғалу жағдайында өз бетінше іздеуге уақытын жоғалтпай, тез арада полицияға хабарласуы қажет.
Егер сіз қылмыс құрбаны немесе куәгері болсаңыз 102 телефонына хабарласыңыз.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі