Қонағының басына асхана пышағын тығып алған

139
Tengrinews.kz

Ордабасы ауданының тұрғыны үйіне келіп, бірге арақ ішкен қонағын басына пышақ тығып, өлтіріп қойған. Алкогольді ішімдік ішіп, көңіл көтеру соңы керісуге ұласып, ақыр соңында кісі өлімі орын алған.

Жәбірленуші ауруханада жантәсілім еткен. Күдіктіні тіртіп сақшылары құрықтаған. Күдіктіге ҚР ҚК -нің 99 бабы 1-ші бөлігімен айып тағылуда. Ордабасы аудандық сотының санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.

Жанар Есенбекова