“Қорғаста» ұялы телефон бөлшектері мен дәрі-дәрмек алып өтпек болғандар құрықталды

450

Жуырда «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының шекарашылары «Қорғас» ШЫХО аумағынан Қазақстан Республикасына қарай жаяулап жол тартқан 35 жастағы Қазақстан Республикасының азаматшасын ұстады.

Ол жалпы салмағы 88 келі тартатын “Iphone” ұялы телефонының қосалқы бөлшектерін (1085 дана бас платасы бар дисплеи, 230 дана қорап) контрабандалық жолмен елімізге алып өтпекші болыпты.

Сонымен бірге, аталмыш бөлімшеде ШЫХО залынан ҚР шыға берістен иесіз жүк табылды, бұл 100 дана «LAND ROVER» ұялы телефоны мен салмағы 88 келі 200 грамм тартатын Қытайда өндірілген емдік препараттар болып шықты.

Тәркіленген тауарлар акті бойынша «Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі