Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында ашық аспан астындағы музей салынады

286
фото inform.kz

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жақын тұста амфитеатр, су бұрқақтары, мәдени демалыс орындары мен  визит орталығы және ашық аспан астындағы музей ғимараттаттары бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен кеңінен танытуды  заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету»  тақырыбындағы  көшпелі отырыс барысында айтып өтті.

Аймақ басшысының сөзінше, Түркістандағы  құрылыс жұмыстарын реттеу аймағына «Қазақ хандары, билері» орталығы, шығыс моншасы, «Ұлы дала елі» және Түркі әлемінің орталықтары,  Яссауи музейі, Астана саябағы мен Бейнелеу-өнер музейі салынатын болады. Бұл нысандардың бәрі тарихи-сәулеттік құндылықтарға айналады деп күтілуде.

«Ұлы Жібек жолы бойындағы «Отырар», «Сауран», «Сидақ», «Күлтөбе», «Қараспантөбе», «Жуантөбе» қалашықтарына археологиялық зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.  Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағында «Күлтөбе» ашық аспан астындағы музейі салынып, ҚР Мәдениет және спорт минстрлігімен бірлесіп Отырар қаласын қалпына келтіру және абаттандыру, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қолға алынатын болады»,- деді Жансейіт Түймебаев.