Бұған соңғы уақытта аталған ауруға шалдыққандар санының артуы себеп болған. Жұқпалы індетке еліміз бойынша 1000-ға жуық адам шалдыққан. Негізгі ошақ Астана, Алматы және Шымкент қаласы болып отыр.
Шымкентте желтоқсанның екінші жартысынан бастап қызылшаны жұқтырғандар қатары артқан. Өткен жылдың соңғы айынан бері мегаполисте барлығы 75 адам аталмыш ауруға шалдыққан. Оның 35-і зертханалық тексерумен расталды. Мамандар 2017 және 2018 жылдары үшінші миллиондық қала бойынша бірде-бір жан қызылшаға шалдықпағанын алға тартады.
Қазақстан бойынша қызылшаға қарсы екпе бала 1 жасқа жеткенде және мектепке барар кезде салынады. Міндеттелмейтін бұл процесстен ата-ананың бас тартуына да рұқсат. Осының салдарынан болса керек, қызылшамен ауырған балалардың 33 пайызының егілмегені анықталды. Ал, жұқпалы ауруға шалдыққан 75 жанның 3-уі ересек. Олар 19 және 35 жастағы азамматтар.
Қызылша — жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданады. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауадан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.
Қызылшаны кез-келген адам жұқтыру қауіпі жоғары. Екпе егілмеген жандармен қатар алдын ала қорғанғандар да бұл ауруды қабылдауы бек мүмкін. Бастысы дерт меңдеген кезде дереу дәрігерге қаралу қажет.
Назерке Үкібасова