Қабан аулаған қаскөй құрықталды

431

Жуырда ТО ПД ЖПҚ табиғат қорғау полициясы Арыс ауданындағы рейдтік іс-шарасы уақытында заңсыз жабайы аңдарды аулаған браконьерді тұтқындады. Тінту барысында күдіктінің машинасынан аң аулау қаруын оқ-дәрісімен, пышақ және 30 кг-ға жуық жабайы қабан етін тауып тәркіледі. Бар жағдайды анықтау үшін ұсталған күдікті полиция бөліміне жеткізілді.

Болған жайт Арыс АПБ ҚР ҚК 337-бабы «Заңсыз аңшылық» қылмысы ретінде СДТБТ тіркелді. Қазіргі уақытта браконьерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бұдан басқа да жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жедел-алдын алу шаралары ауқымында 4 экологиялық қылмыс және 40 әкімшілік құқықбұзушылық, оның 10-ы аң аулау және жануарлар дүниесін пайдалану ережесінің талабын бұзушылық, 17 балық аулау ережесін бұзушылық және 16 басқа да табиғат қорғау заңнамасы аясындағы құқықбұзушылықтарды анықтады. Құқықбұзушылықтар үшін енгізілген жалпы айыппұл мөлшері 250 мың тенгені құрады.

Браконьерлік деректерін анықтау және болдырмау Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жүргізетін жедел-алдын алу іс-шараларының тұрақты негізі. Шараның мақсаты браконьерлік деректерін, заңсыз балық аулау және ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу әкімшілік құқықбұзушылықтары мен қылмыстарын анықтау және жолын кесу болып табылады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі