ҚР ІІМ әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, ұрып соғуға қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнероликте жасөспірімдердің өз қатарластарын ұрып соғып, жарақат салуына байланысты ҚР ҚК-нің 293 бабы яғни, топ болып бұзақылық жасау бойынша сотқа дейінгі тергеп, тексеру жұмыстарын бастау туралы мәселе қарастырылып жатқанын жеткізді.
ІІМ ішкі және сыртқы коммуникация департаментінің директоры Алмас Сәдубаев қазіргі таңда аталмыш әлімжеттікке қатысы барларды анықтау жұмыстары қарастырылып жатқандығын айтты.