Қымыз өндіргені үшін 26,8 млн теңге субсидия берілді

522

Жылқы өсіру қазақ xалқының мәдениеті мен өнерінің айырылмас бір бөлігіне айналып кеткені белгілі. Жылқыны әр түрлі мақсаттарда тиімді пайдалану үшін мал шаруашылығына қойлайлы аудандарда жылқы басын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осындай жұмыстардың бірі Төлеби ауданында да қолға алынған. 2016 жылы жалпы жылқы басы 19,0 мың басты құраса, 2018 жылы 29,7 мың басқа жетті. 2016 жылмен салыстырғанда жылқы басы 11,0 мың басқа артқан.

Қымыз өндіруді дамыту бойынша 2016 жылы мемлекеттік қолдау шаралары 16 шаруашылыққа көрсетіліп, 678 тонна қымыз өндіргені үшін 26,8 млн теңге субсидия берілді. 2017 жылы қосымша 8 шаруашылық қосылып, 24 шаруашылыққа ұлғайып, 31,5 млн теңге мемлекеттен қолдау көрсетілді.

2018 жылы 53 шаруашылыққа жетіп, мемлекет тарапынан 84,3 млн теңгеге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.