Ұлы тұлғаны ұлықтады

417

«Мен қанша биікке көтерілсемде, халқымнан төмен екенімді ешқашан ұмытқаным жоқ». Шымкент халқы елу жыл ел ағасы болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 107 жасын атап өтті.

Зиялы қауым өкілдері және өскелең ұрпақ тұлға ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Д. Қонаев турасында тағылымы мол естеліктер айтылып, елге аянбай қызмет еткен жылдарындағы жетістіктері тағы бір сараланды.

Дінмұхамед Ахметұлы билік тізгінін ұстаған жылдары елдің экономикасын, әлеуетін, ұлттық мәдениетін дамыту ісінде аянып қалмаған. Адал қызметі арқасында қазақ елінің тарихында есімі алтын әріптермен сақталып қалған.

Меруерт Ахан