Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «Халықты құжаттандыру жүйесі» арқылы жеке тұлғалардың мекенжай мәліметтеріне автоматты режимде Мекенжай тіркеу кодын енгізу тетігін іске қосты.

Азаматтардың мекенжай мәліметтерін өзектендіру кезінде 263 мың қала тұрғынына мекенжай тіркеу кодтары берілмегені анықталды.

Осыған орай жылжымайтын мүлік иелері мен Шымкент қаласының тұрғындары тіркеу кодтарын иемдену үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінулері қажет. Тіркеу кодтарының бар-жоқтығы туралы ақпаратты «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына жүгіну арқылы алуға болады және өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.

Сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде «электронды үй кітапшасы» қызметі де қосылған, онда үй иесінің сұранысымен тіркелген азаматтар туралы мәлімет беріледі.
Тіркеу коды болмаған жағдайда, Сіз жылжымайтын мүлік аясында мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті мәліметтерді толығымен ала алмайтындығыңызды хабарлаймыз.

Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметі