9 жасар қыз баланы зорлаған деп күдіктелген жігітке қатысты жаңа ақпарат пайда болды

376

Үйірмеден үйіне қайтып келе жатқан бүлдіршінді күдікті сүйкімді күшіктерді көрсетемін деп құрылысы аяқталмаған үйге алдап апарған. Қаннен қаперсіз күшіктерді көремін деп соңынан еріп келген тоғыз жасар қызға күдікті азғындық әрекетін күш қолданып жүзеге асырған көрінеді.

Оқиға орнынан такси көлігіне мініп бой тасалаған күдікті жігіт алдымен Арыс қаласына, сосын Алматы қаласына қарай қашқан. Алматы қаласында оның туған анасы мен өгей әкесі тұрады екен.

Әуел баста күдікті Шымкент қаласына жұмыс іздеп келгені белгілі болды. Бір апта бұрын қайта Шымкентке қайтпақ болған жерінен Алматы вокзалында қолға түскен болатын.

Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамау, күзетпен бұлтртпау шарасын қолдану туралы санкция берді. «ҚР ҚК нің 120 бабы, 4-ші бөлігімен 1998 жылы туған Арыс қаласының тұрғыны қамауға алынды. Екі ай мерзімде тергеу кезінде қамауда болады» деп хабарлайды аталған соттың судьясы Сержан Айнабеков.

Ернар Балабеков