Арыс қаласында учаскелік инспектор қызметтік көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.
«19 қаңтарда Түркістан облысының Арыс қаласында қызметтік көлігін тізгіндеген учаскелік инспектор жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді», — деп мәлім етті Алмас Садубаев. Қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Медициналық сараптама актісіне сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, аталған оқиға бойынша Түркістан облыстық Полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілуде», — деді Алмас Садубаев.