Бүгін Шымкент қаласы әкімінің туған күні

552
фото Tengrinews.kz

Ескі жыл шымкенттіктер үшін ерекшелігімен есте қалды. Алып қаламыз өз алдына бөлек енші алып, мегаполис атанды. Миллионер қала тұрғындары үшін қағаз жүзінде емес, іс жүзінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Тек көрерге көз керек…

Шымкентті басқару оңай емес. Шырайлы қаланың тізгінін ұстаған әкімнің артында айта жүрер айтуыл ісі қалуы тиіс. Қолтаңбасы да. Ғабидолла Әбдірахымовты өзгелерден өзгешелейтін ілкімді істері көп болып тұр. Екінші рет қаланың тізгінін ұстаған әкім бірнеше жобалардың бастамашысы да.

Ал, іске келсек… Шым сити ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобаларының көш басында тұр. Өз алдына алып қалашық болатын Шым сити бүгінде алпауыт инвесторлардың қызығушылығын оятып отыр.

Ескі қалашық жаңа кейіпке енбек. Қолға алынғанына бірнеше жыл болған жоба болса да Ғабидолла Әбдірахымовтың тұсында нағыз гүлденгген, көркейген кезін көрмекпіз жуық арада. Нағыз шығыс үлгісінде дамитын аумақта алып субұрқақ орнатылмақ. Орта Азияда теңдесі жоқ субұрқақты тамашалауға келетін туристердің қатары аз болмасы анық.

Арбатта да Әбдірахымовтың қолтаңбасы бар. Бүгінде қалалықтардың көп баратын сүйікті мекеніне айналып үлгерген арбат алдағы уақытта қолөнершілердің орталығына айналмақ.

Велобайк жобасы да қалабасының қолға алған жобаларының бірі. Әкімқараларды темір тұлпарынан түсіріп, қоғамдық көлікке мінгізген де еді. Ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалары әлі де жалғасады деген сенім басым.

Қалабасы бүгін 44-ке толып отыр. Нағыз кемеліне келіп, жалындаған жігермен жапырып жұмыс істейтін дер шағы. Қала әкіміне алдағы атқарар жұмыстарына сәттілік тілей отырып, Шымкенттің атын аспандататын жобалар санын арттыра берсін деген тілек бар бізде…