Бөдене бағып, отбасылық бизнесті дөңгелетіп отыр

853

Бөдене асырау отбасылық бизнеске айналды. Шымкенттік Шахло Асанованың кәсіп бастауына мемлекет қолдау көрсетті. Атаулы әлеуметтік көмек алған тұрғынға 260 мың теңге берілген. Қаражат қайтарымсыз. Тек тұрмысын түзеп, кәсібін дөңгелетсе болғаны.

 

 

 

 

 

Шахло бөдене бағудың қыр-сырын бiзбен де бөлiстi. Айтуынша, атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасынан ақша бөліне сала, қаладағы бір кәсіпкерден 500 данасын сатып алыпты. Бөдене өте нәзік құс. Жылыны, жайлылықты жаны сүйеді. Ақ түсті құстар ет берсе, ала түстілері жұмыртқа береді.

Шахло Асанова, кәсіпкер: «Қазір бәрі химиия, табиғи өнім аз. Сондықтан, табиғи заттарға сұраныс зор. Тұтынушылар көп алады жұмыртқаны, денсаулыққа пайдалы. Ас мәзіріне де көп қолданылады».

Кәсіпкер келіншектің іс бастағанына көп бола қойған жоқ. Былтыр қазанда қолға алған тірлігі күн санап ілгері басып келеді. Қазiр еңбегiнiң жемiсiн көрiп отыр. Себебi, бөдененiң етi мен жұмыртқасына деген сұраныс артқан. Себебі бұл өнімдердің пайдасы орасан.

Айтпақшы, бөдене әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Зухраның кәсіп игерудегі тындырымды тірлігіне куә болған мамандар енді жыл соңына дейін атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасының екінші бөлімі арқылы тағы да қаржы бермекші.


Айнұр Айтуарова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы: «Бұл отбасына 500 мың теңгеден аса қаражат тағайындалған. Жартысын алды. Бөденелер алып, асырап жатыр. Жұмысын қадағалап отырамыз. Бәрі ойдағыдай. Жыл соңына дейін қалған қаражатты төлеп береміз».

Әзірге отбасы тек бөдененің жұмыртқасын ғана саудаға шығарып, пайда тауып отыр. Құс басын көбейткен соң, бөдененің етін де сатуға шығаруды жоспарлап отыр.

Мақпал Рысбаева