Балағаттағаныңыз үшін айыппұл төлейсіз

1481

2019 жылдан бастап 131 бап бойынша біреуді боқтағаныңыз не балағаттағаныңыз үшін 200 МРП айып төлейсіз немесе сол көлемде түзеу жұмысына жегілесіз. Болмаса 180 сағат қоғамдық жұмыс атқарасыз!

Бұл – дәл қазіргі 1 МРП -2525тг болса, онда бір боқтағаныңыз үшін 505 000 (бес жүз бес мың) теңгені шытырлатып санап бересіз деген сөз! «Неге сотқа беріп жүрсің сол үшін ШС»-деп, боқтап жіберсеңііз, сонша ақша төлеуге ішіңіз удай ашып, тағы да 505 мың теңге төлейсіз! Яғни, екі рет боқтағаныңыз үшін 1 010 000 (бір миллион он мың) теңге төлейсіз! Кішігірім бір мәшиненің ақшасы!!!

Ал боқтап көріңіз ақшаңыз көп болса.

Үкімет бюджетін шымкенттіктер мен Түркістан облысы асыра толтыратын шығар?
Бірақ, біз өзіміз оңтүстіктен болғасын, солай ойлаймыз, ал “Еуразия 1” арнасының зерттеуі бойынша ең көп боқтық айтатын қала … Шымкент емес… Ақтау болып шықты.

«Екінші орында Павлодарлықтар тұр. Келесі кезекте Атырау. Төртінші орыннан Түркістан қаласы көрінсе, бестікте Теміртау қаласы. Шымкент тіпті алдыңғы бестікке де кірмейтін көрінеді – 6-шы орында….Орал жұрты ең сыпайы тұрғындар сапына кіріп отыр. Ал Астана тұрғындары 14-ші, алматылықтар 17-ші орыннан көрінген.
Ақшаңызға ие болғыңыз келсе, аузыңызға ие болыңыз! Заң солай!

Қ. ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ

qazaquni.kz