Ауыз су шөлмектерінде міндетті түрде «Балалар тамағына арналған» деген жазу көрсетілетін болады. 1 қаңтардан бастап балаларға арналған ауыз су ерекше таңбаланатын болады, деп хабарлайды bnews.kz
Енді ауыз су шөлмектерінде міндетті түрде «Балалар тамағына арналған» деген жазу пайда болады. Сондай-ақ, өндірушілер ауыз су қанша жастағы балаларға (үш жасқа дейін немесе үш жастан бастап) арналғаны туралы мәлімет беруі керек. Мұндай жаңашылдық ЕАЭО-ның «Табиғи минералды сумен қоса ыдыстағы ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енуіне байланысты қабылдынды, деп хабарланды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында.
«Балалар тамағына арналған ауыз су шөлмектерінде міндетті түрде «Балалар тамағына арналған» деген жазу көрсету мақсатында болады. Өндіруші немесе сатушы ауыз су арналған (үш жасқа дейін немесе үш жастан бастап) балалардың жасы туралы мәлімет беруі, жалпы минералдануы, химиялық элементтері, сақтау шарттары және ыдысты ашқаннан кейін жарамдылық мерзімі көрсетілген оның негізгі құрамы туралы хабардар етуі тиіс», — делінген хабарламада.
Балалар тамағына, емдеу-асханасына және емдік табиғи минералды суға арналған ауыз судан басқа, буып-түйілген ауыз су айналымға шығарар алдында декларациялануы тиіс. Балалар тамағына, емдеу-асханасына және емдік табиғи минералды суға арналған Ауыз судың техрегламент талаптарына сәйкестігін бағалау мемлекеттік тіркеу нысанында жүргізіледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) техникалық регламенті 2013 жылдың шілдесінен бастап қолданыстағы ыдыстарға құйылған ауыз суға және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» басқа одақтық техникалық регламентпен белгіленген минералды ауыз суға қойылатын жеке міндетті талаптарды толықтырады. ЕАЭО-ның жаңа құжаты табиғи минералды суға, соның ішінде асханаға, емдік-асханаға және емдік суға, сондай-ақ купаждалған, өңделген және табиғи ауыз суға, балалар тамағына арналған ауыз суға, жасанды минералданған ауыз суға қатысты.
Техникалық регламент (ЕЭО) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, буып-түйілген ауыз судың мақсаты мен қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында әзірленді.
Техникалық регламент Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі — одақ) кедендік аумағында қолдануға және орындауға міндетті одақтың кедендік аумағында айналымға шығарылатын және тұтынушыларға өткізуге арналған буып-түйілген ауыз судың (табиғи минералды суды қоса алғанда) қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды, оны өндіру, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ одақтың кедендік аумағында оның еркін айналысын қамтамасыз ету үшін ауыз суды таңбалау мен орауға қойылатын талаптарды белгілейді.