Баспаналы болуды қалаған қауым қырқысып қалды

174

Шымкент қалалық халықтық кеңсесінде құжат қабылдау жалғасып жатыр. «Бәйтерек» деволопмент» бағыты бойынша берілетін пәтерлердің жалпы саны 91. Ал, оған қол жеткізгісі келетіндер қатары әлдеқайда көп.

Алғашқы күні 100-ден астам адамды қабылдаған орталықта бүгін де халық қарасы қалың. Баспаналы болуды қалаған қауым алғашқы күні өзара қырқысқанда болатын. Кезектің екінші күніндегі жағдайды арна тілшісі бағамдап қайтты.

Бар арманы баспана болған көпшіліктің арасында қариялар да, мүмкіндігі шектеулі жандар да, сәбиін құшақтаған аналар да жүр. Таң атысымен кеңсенің алдын торуылдаған олар түске жақын тіпті абдырай бастады. Жиналғандардың айтуынша, кезек саны 80-ге дейін қарқынды жылжып, соңында кезекке тұрмаған бөгде адамдар ішке ене бастаған екен.

Екінші күні жағдай мүлдем өзгерген. Себебі бақылау күшейтіліп, қадағалау пайда болған. Жалпы өз пәтеріне қол жеткізуді қалаған жұрт «Бәйтерек» деволопмент” бағыты бойынша тіркеуге тұруда. Оларға берілетін пәтер саны 100-ге жуық. Қаратау ауданында бой көтерген.

1,2 және 3 бөлмелі пәтерлерді мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен және мемлекеттік салада жұмыс істейтін отбасылар алмақ. Тиісінше пәтер кілтіне қол жеткізетін жандар 18 жыл бойы мемлекетке қаржы құятын болады.

Назерке Үкібасова