Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасыры, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Ғанижан Асанұлы брифинг өткізді.

Брифинг барысында Ғанижан Асанұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігімен ел экономикасына инвестиция құю процессін оңтайландыру мақсатында, сондай- ақ инвесторларды қағазбастылықтан және сыбайлас жемқорлық фактілерінен сақтау үшін “Protecting Business and Investments” жобасы іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Өңірімізде Департамент тарапынан бүгінгі таңда жалпы құны 240 млрд. теңге болатын 5 ірі инвесторлар сүйемелдеуге алынып, жұмыс атқарылуда.

Осы жоба аясында инвесторлар сыбайлас жемқорлық фактілерінің кез келген көріністеріне жол бермеуге, қандай да бір заңсыз факт туындайтын болса, тікелей Агенттікке және оның аумақтық Департаменттеріне баяндау туралы келісімге қол қояды.

Өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл саласындағы уәкілетті орган келісімге қол қойған инвесторларды заңда белгіленген құзыреттерді және өз ресурстарын пайдалана отырып 100 пайыз сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады.

Жиын соңында Департамент басшысының орынбасары отандық және шетелдік кәсіпкерлерге өңірімізде қолайлы жағдай жасау үшін барлық жағдай жасалатынын, әкімшілік кедергілер жойылатынын айтып қорытындылады.