«Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Жедел-профилактикалық іс-шара кезінде криминалдық, жергілікті полиция және көші-қон қызметі қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылған. Олар шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 34 кәсіпорын мен ұйымдарды, басқа елдерден келіп оқитын студенттері бар 4 оқу орнын тексерді.

Іс-шара аясында қонақ үй, жатақхана, сауда орындары, мейрамханалар мен өзге де көңіл көтеру орындарын тексеру бойынша рейдтер жүргізілді.  Іс-шара барысында мыңнан астам үйлер тексерілді. 89 шетелдікке ҚР аумағында болу мерзімі қысқартылған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде шетел азаматтарының ішінен 379 – жақын шетелден, 6 – алыс шетелден ҚР аумағына келу, кету және болу ережелерін бұзу анықталды. Көші-қон заңнамасын өрескел бұзған жақын шетелдік 11 азамат және алыс шетелдік 3 азамат елден шығарылды.

Жеке басын анықтау үшін 145 адам ІІО қабылдау-тарату орындарына орналастырылды. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған 5 жайт және ҚР мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтудің 1 жайты анықталып, олар бойынша ҚР ҚК-нің 393 және 392- баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР Көші-қон заңнамасын түрлі бұзғаны үшін 7 заңды және жеке тұлға, оның ішінде шетелдіктерді тұрғын үймен заңсыз қамтамасыз еткен (ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы) – 46, заңсыз еңбек иммигранттарын пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы) – 11 әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Шымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі