Сарыағаш АПБ кезекші бөліміне көлікжуу орталығында әлдекімдер бір жарым миллион сомадан астам құрылғыны ұрлағандығын айтып жергілікті тұрғын шағымданған. Бұл жайт ҚР ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмысы бойынша СДТБТ тіркелді. Полицейге берілген баламалы арыздар бойынша ұрының құрбаны болған басқа да жәбірленушілер анықталуда.
Сарыағаш АПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіруі барысында екі күдікті қолға түсірілді, жергілікті тұрғындары болып табылатын бұл екеуінің біреуі бұрын сотты болған. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың 9 дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп, көлікжуу бекетін қалай бұзып, әртүрлі техникалар мен басқа да құнды заттарды қайдан ұрлағаны тергелуде. Ұрлаған мүлікті сатып, ақшасын өз қажеттеріне жұмсаған. Келтірілген шығын 1,5 миллион теңгеден астам сумманы құрайды. Қазір ұрланған мүлік бөлігі заңды иесіне қайтарылды.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер оның басқа да бөтеннің мүлкін ұрлауға қатыстылықтарын анықтауда.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі