Шымкент зоопарк

Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері ҚР қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қозғалған іске байланысты, мүйізі бар жануар басымен бүтін жануар етін анықтау үшін зообақ қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.

Сараптама нәтижесі бойынша ол Қаратау арқары және оның аналық жатырында төлі бар екені анықталды. Қаратау арқары Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануар.
Осылайша Шымкент зообағының қызметкерлері қылмыстық істің ашылуына үлес қосты. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.