Малдың өңделмеген терісін экспортқа шығаруға тыйым салады

345

Қазақстан ірі қара малының өңделмеген терісін экспортқа шығаруға 6 айға тыйым салатын болады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ірі қара малдың өңделмеген терісін Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға 6 айға шектеу қою мәселесі Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қолдауына ие болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осыған орай бұйрық жобасын әзірлеп, ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр», — делінген Үкімет басшысының жауабында.

Сонымен қатар Премьер-Министр осы мәселеге қатысты шешімді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мәжіліс депутаттарында қосымша хабарлайтындығын атап өткен.