Мектеп асханаларына мониторинг жүргізіледі

265

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында және «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп асханаларына мониторинг жүргізілуде.

Партиялық жобаның мақсаты — мектеп оқушыларының ас мәзірін жақсарту, теңдестірілген мәзірді енгізу, сондай-ақ пайдалы тамақ өнімдерінің үлесін арттыру.

Партиялық жоба аясында білім басқармасына қатысты білім беру ұйымдарындағы тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында ведомствоаралық комиссия құрылған. Комиссия құрамында «Нұр Отан» партиясы белсенділері, қалалық білім басқармасының басшылығы, қоғамдық және этно-мәдени ұйымдардың өкілдері, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бар.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы, денсаулық сақтау басқармасы және жалға алушы кәсіпкер жалпы білім беру ұйымдарында ыстық тамақты тиімді ұйымдастыру мақсатында өзара ынтымақтастық жөнінде келісім жасаған.

Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес қаладағы барлық мектептерге мониторинг жүргізілетін болады.