«Мерейдің» тәттілеріне сұраныс көп

301

Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы қарқынды дамып келеді. Былтыр ауданда тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 12 465-ке жетіп, оларда 21,5 мың адам жұмыспен қамтылған.

Шағын және орта бизнес өкілдері өндірген өнім көлемі 35 757,8 млн. теңгені құрады. Оы салада жемісті еңбек етіп жүрген мекеменің бірі – Жетісай қаласындағы кондитерлік өнімдер шығаратын «Мерей» ЖШС-і.

Аталған нысан 2013 жылы іске қосылған. Қазір мұнда 40-қа жуық адам жұмыс істейді. Ал науқан кезінде жұмысшылардың саны 2 есеге артады екен. Бүгінде мұнда кондитерлік өнімдердің 40-қа жуық түрі өндіріледі. Айына мұнда 1 тоннаға жуық өнім өндіріліп, Мақтаарал және Жетісай аудандарының тұтынушыларына жол тартады.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі