10 келіден аса марихуана жергілікті тұрғыннан тәркіленді. Күдікті есірткі затын полиэтиленді пакеттерге орап, жертөлеге жасырып келгені анықталды.
Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша,күдікті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Сарыағаш АПБ бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған.
Қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір полицейлер күдіктінің ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатта өзінде сақтағанын анықтауда», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен өткен жылы 6 тоннадан аса есірткі затының заңсыз айналымы тәркіленді. 20-ға жуық есірткі заттарды сақтау деректері анықталған.