Рождество күні Жерге жақын қашықтықтан алып астероид ұшып өтеді

408
inform.kz

NASA ғарыш агенттігі алдыдағы аптаның басында Жердің қасынан Гизадағы Ұлы пирамидадан да үлкен алып астероид ұшып өтетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Все о космосе» сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Хеопс (Хуфу), Гизадағы Ұлы пирамида — Көне Мысыр елінің ең ірі пирамидасы, сәулет өнерінің ескерткіші, «Әлемнің жеті кереметінің» біздің заманымызға дейін жалғыз сақталғаны және олардың арасында ең көнесі: оның жасы шамамен 4500 жыл. Asteroid 2016 AZ8 деп аталып кеткен аспан денесі Жерге 7 қаңтардың таңында жақындай түседі деген болжам бар.

НАСА-дағы реактивті қозғалыс зертханасының ғалымдары астероидтің Жерге жақындауының уақытын Гринвич бойынша таңғы сағат 6:41-де, жергілікті уақытпен сағат 09:41-де деп шамалап отыр, оның көлемі диапазонда 170 метр және диаметрі 380 метр болатыны бағаланған, делінген хабарламада.

Earth Impact Effects Program-ның есептеуінше, осындай көлемдегі астероидтің соққы күші тротил эквивалентінде шамамен 3300 мегатоннаны құрайды. Абырой болғанда, соққы болада деген болжам жоқ, 2019 жылдың 7 қаңтарында, дүйсенбі күні Asteroid AZ8 астероиды біздің ғаламшарымыздан 4,45 млн шақырым жерден ұшып өтеді. Оның жылдамдығы секундына 9,15 шақырымнан асады, деп аталып өткен таратылған ақпаратта.