Былтыр Сайрам Ауданындағы өнеркәсіп орындары 40 млрд.теңгенің өнімін өндірген. Өнім көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 5,3% артып отыр. Облыстың өнеркәсіп өнім көлемінде ауданның үлесі 9,2% құрап, екінші орынға тұрақтаған.

«KAZTEL» ЖШС

Аудан орталығы Ақсукент елді мекеніндегі кабельді электр сымдарын шығаратын «KAZTEL» ЖШС-і өз жұмысын 2014 жылы бастаған. Аталған жоба «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 125 млн.тг. қаржыландырылған. Бүгінгі таңда серіктестіктің өнімдері ішкі нарыққа, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттеріне жөнелтіліп жатыр. Зауытта жұмыс істейтін 50-ге тарта адамның күшімен 2018 жылдың 9 айында 2494 шақырым электр сымы шығарылған. Ал, зауыт жылына 7000 шақырым сым шығаруға қауқарлы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі