Түркістан облысында тәртіп сақшылары өткізген жедел алдын алу іс-шарасы аясында, автокөлігіне 2 келі марихуана сақтаған Сайрам ауданының жергілікті тұрғынын құрықтады.
Осылайша, өткен жылдың күз мезгілінде Сайрам АПБ мен Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел іздестіру іс-шараларының барысында күдікті мінген автокөлікті тоқтатады.
Іздестіру кезінде полицейлер көліктің жолаушысынан марихуанаға ұқсас полиэтилен пакетіне оралған есірткі затын алады. Сараптамаға сай, табылған есірткі тектес заттың 2 келі марихуана екендігі анықталды.
Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297 «Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта жинақталған материалдар айыптау актісімен соттың қарауына жіберілді»,-деп хабарлайды Түркістан облысы ПД-нің Баспасөз қызметі