Сарыағашта цитрустық жеміс-жидектердің үлесі артып жатыр

707

Сарыағаш ауданындағы тұқым бақтан биыл 3 миллион түп лимонның көшеті алынған. Бұл көрсеткіш — былтырғымен салыстырғанда 2 есеге артық. Маңызды ақпаратты «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нің басшысы, белгілі бағбан Танабай Шынтасов марқая мәлімдеп отыр.

Айтуынша, бұл жолы жиын-терімдегі лимонның үлесі де анағұрлым артқан. Яғни, 2 жарым мың тоннаға бір-ақ жеткен. Бір емес, жүздеген адамды жұмыспен қамтып отырған шаруашылық басшысы мұндай мол өнімге қол жеткізу үшін жылдар бойғы жұмыстан бөлек, жинақталған тәжірибе қажет екенін жасырған жоқ.

Танабай Шынтасов

Танабай Шынтасов, тәлімбақ басшысы: «Бұл лимонның — бесінші жылғы жемісі! Осы уақыт аралығында біз лимонды өсірудің қыры мен сырын меңгердік қой. Енді міне, жемісін де жеп отырмыз. Жалдағыдан 20-30 пайыз көп өнім алдық. Егер, аналық ұшқынынан көшет алмағанда біз 8 тонна лимон жинап алар едік. Бірақ, өзгелерді де ойлап, бағбандар үшін көшеттерді дайындап қойдық».

Айта өтейік, Танабай Шынтасов бүгінде кәнігі жергілікті жеміс-жидектерден бөлек, экзотикалық өнімдерді өсірумен айналысып жүргені белгілі. Алдағы айларда ол киви, банан және анардың өнімі еселеп, нәтижесінде, бұл жемістердің күнгейдегі тиісті құны арзандауы мүмкін екенін екшеді. Және шетелдерді жерсінген жеңсік-жаңғақтарды да осы Сарыағашта өсіру үшін қазір ғылыми тұрғыда зерттеу жүргіліп, жаңа жоба-жоспарын әзірлеуге көшіпті. Бұл үшін көшеттері Ресей, Иран, Түркия, Қытай, Молдовадан әкелінген-ді. Қазір арнайы жаңғақ өсіру аймағы құрылып, осы мақсатты жоба жүзеге асқалы отыр екен.

Мөлдір Бекеева