Шекара бұзушылар үсіп өле жаздады

365
фото Nur.kz

Орал шекара отрядының «Мұқатай» заставасының аумағында шекара наряды кеше күндіз Ресейден біздің елге кірген 5 өзбекстандықты ұстады. Олардың ең үлкені 1973, ең кішісі 1991 жылғы екен.

Ұсталғандар бірден Дарьинск ауылындағы аудандық емханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қойған диагноздары бойынша олардың біреуінің аяқ-қолдарын 3-4 дәрежелі, екеуінікін 2-3 дәрежелі, екеуінікін 1 дәрежелі үсік шалған. Біріншісінің жағдайы ауыр, интенсивті терапия палатасында жатыр. Екінші мен үшіншісінікі орташа. Төртіншісі мен бесіншісі емге мұқтаж емес.

Қазіргі уақытта бесеуі де шекарашылардың күзетімен, Батыс Қазақстан облысының Зеленовск ауданының Дарьинск ауылындағы емханада.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі