Шолпанымыз Айман болып шықты

310

Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмекші болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды.

Тексеруге ұсынған құжаты бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіңкірейді. Міне, осы — «келіңкірейді» — деген анықтамада «гәп» бар еді.

Шекарашылардың күдігі расқа айналды. Шекарашыларға 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оның 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты.

Бөтен құжат көрсетуінің себебі – оған елден шығуға тыйым салынған екен. Ішкі істер органдарына хабарланды.

Осы тексеру пункітінің шекара наряды кеше кешкілік (сағат 18.30-дар шамасында) Орталықтың аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағының маңынан 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 180 кг-ға жуық Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды. Ешқандай құжатсыз жүктің, әдеттегідей, иесі табылған жоқ.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі