Шымкент әкімін Президент өзі тағайындайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулыға қол қойды.
Президент тағайындайтын саяси, мемлеттік және басқа да қызметкерлердің қатарына Астана, Алматы және еліміздің басқа облыстарының әкімдерінен бөлек, бұл тізімге Шымкент әкімінің қызметі де кірді.
Енді Шымкент әкімінің орынбасарын қала әкімі тағайындаса, қалалық полиция департаментінің басшысын ішкі істер министрі тағайындайды.