«Шымкент – адалдық алаңы» сәулет саласында жаңа жобаны іске қосты

564

Ағымдағы жылдың 18 қаңтар күні «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі қаланы сыбайлас жемқорлықтан ада етуге жасаған алғашқы қадамдарын таныстырды.

«Өздеріңізге белгілі, «Шымкент — адалдық аланы» жобалық кеңсесі «Cыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» республикалық жобасы аясында ашылды. Аталған жобаға Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы негіз болды.

Жобалық кеңсе қызметінің бағыты сыбайлас жемқорлық көптеп кездесетін және әлеуметтік маңызы бар салаларда кешенді талдау негізінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылдануына байланысты болады», — деді жобаның кураторы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев.

«Айта кету керек, жобалық кеңсе қала әкімдігімен, ӘКК және Агенттіктің аумақтық департаментімен бірлесіп, сәулет саласында 12 қызметті цифрландырған жобаны іске қосты» — деп хабарлады жоба со-кураторы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин.

Жобалар аясында «Білім беру» бағыты бойынша жобалық кеңсе мектептерде ақша жинауды болдырмауға күш жұмсаса, «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша тегін медициналық қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуге, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласындақала халқы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беретін болады.

«Сонымен қатар, «secret shopper» (Құпия сатып алушы) әдісімен зерттеу жобасы іске қосылып, ол барлық әлеуметтік маңызды салаларды қамтиды, бұл өз кезегінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді құралы болады», — деп түсіндірді «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев .
Одан бөлек, қоғамдық мониторинг нәтижелері қоғам мен бірқатар мемлекеттік құрылымдардың мүдделері арасында теңгерімсіздік бар екенін көрсетті. Ол ашық көздерде мемлекеттік органның жұмысын жұртшылықтың бағалауы бойынша ақпараттың жабықтығынан көрінеді. Ақпараттық ашықтық пен айқындылық құралдарының бірі «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» болып табылады, ол мемлекеттік бюджеттен мектептерді, ауруханаларды және басқа да қаржыландыру объектілерін қамтамасыз етуге арналған бюджеттің транспоренттілігіне ерекше назар аударуға мүмкіндік береді

Осыған байланысты, мемлекеттік органдарды трансформациялауға, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бірігуге және өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға ниет білдірген қаламыздың жауапты азаматтарын шақырамыз.