Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаменті мен ҰҚК департаментімен бірлесіп «Shymkent Tulpar» және «Нипа» базарларында бір мезгілде рейдтік іс-шаралар өткізу бойынша арнайы операцияны жүзеге асырды.

Сот санкциясымен сауда нүктелерінде тінту жүргізілді. Нәтижесінде діни әдебиеттің оның ішінде салафит мазмұны бар, сондай ақ электронды ақпарат тасығыштардың айтарлықтай саны анықталып, тәркіленген.

Тергеу болжамы бойынша салафизм ағымын жақтаушылар жоғарыда аталған базарларға келушілері мен осы базарлардағы сатушылары арасында деструктивтік әдебиетті таратумен айналысқан.

Тергеу  іс-шаралары қоғамдық орындарда деструктивтік бағыттағы діни мазмұнды материалдарды тарату жәйттары бойынша қозғалған қылмыстық істер аясында жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бүгін автобөлшек базарлары бірнеше сағат жұмысын тоқтатқан болатын.