Шымкентте иісті газдан уланып, қаза болғандардың саны 10-ға жеткен

438

Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы  Зарипа  Тұрысбекова  иісті газдан уланған оқиғаларға қатысты  мәлімет берді: «Былтыр  Шымкентте жылу беру маусымында иісті газбен уланған 7 оқыс оқиға тіркелген. 10 адам қаза болса, 4-уі зардап шеккен.  2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында 7 оқиға тіркелді. Он адам қайтыс болса, бір адам зардап шекті».

Оқыс оқиғаларды болдырмау және алдын алу үшін  Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің  мамандары тұрғындарды  қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Газбен жылытқыш құрылғыларды пайдалану кезінде  аса мұқият болу қажеттігін ескертеді.

Шынар Оразова