Д.Қонаев даңғылындағы 9 қабатты үйдің тұрғындары ас дайындау үшін газ баллондарын қойып алған. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары әлгі үй тұрғындарының бірінің арызы бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген.

Арыз иесі көршілерінің біразы ыстық тамақ дайындау үшін пәтерлеріне қауіптілігіне қарамай газ баллондарын орнатып қойғанын көрсеткен.

Шымкент төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, Әл Фараби ауданының әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ», Шымкент полиция департаментінің мамандары бірлесіп арыздың шындығына көз жеткізді.

Көпқабатты үйдің 4 пәтерінің иелері газ баллонын пайдаланып отырғаны белгілі болды. Қауіпсіздік талаптары бойынша көпабатты үйдің екінші қабатынан жоғары газ балонндарын пайдалануға тиым салынады.

4 пәтердің иесіне қауіпсіздік талаптарын сақтау ережелері ескертілді. Егер ескертуге құлақ аспаған жағдайда айыппұл төлейтіндігі қоса айтылды.

Д.Қонаев даңғылындағы көпқабатты үйлерге тағам дайындау үшін электр плиталары орнатылған. Тұрғындар электр қуатын көп тұтынатындықтарын, оның тағам дайындауға қуаты жетпейтіндігін алға тартты.