Шымкентте кардиологиялық орталық жүрекке операция жасауда көш бастап тұр. Қалалық кардиологиялық орталықта 2018ж 35000-ден аса жүрекке ота жасалған. Операцияның басым бөлігі жүрек талмасына ұшыраған науқастарға жасалған. Айта кетерлігі, хирургиялық емнің барлығы жоғары технологиялардың көмегімен жасалады.
Бір ғажабы-дәрігерлер жүрекке жасалатын күрделі операциялар кезінде пациенттің жүрегін тоқтатып қояды. Шымкенттің кардиологтары бір жылдың ішінде 500 науқастың жүрегін тоқтатып қойып, күрделі операция жасап шықты. Мұндай операциялардың барлығы сәтті шыққан.Ең бастысы бұл соңғы он жылда болмаған зор көрсеткіш. Осы уақытқа дейін жүрекке ашық түрде 3000-нан күрделі операция жасалған.
Орталықта жүрекке стенд қою, жүректің қақпақшасын ауыстыру, аортакоронарлы шунттау отасы, туа біткен ахауларын бекіту, жүре келе пайда болған ахауды протездеу, жүрекке ашық операция жасау сынды 30-ға жуық операция түрі жасалады.
Сондай-ақ кардиологиялық орталықтағы дәрігерлер соңғы бір жылдың ішінде инфаркт алған 2000-нан аса науқастың өмірін аман алып қалды.