Шымкентте контрафактілік тауарлар анықталды. «Ассам», «Колгейт», «Маккофе» сауда белгілерін заңсыз пайдаланғандар құрықталған. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы Әділет департаментінің былтырғы жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылаған брифингте айтылды.
Салаға жауаптылардың арнайы тексерулері кезінде анықталған деректерге қатысты 3 әкімшілік іс қозғалған. Бұл өткен жылдың небәрі сегіз айында ғана тіркелген істер. Әділет саласы қызметкерлерінің кәсіпкерлер арасында түсіндіру шараларын ұдайы өткізіп отырғанына қарамастан заңсыз жолмен өнім өндіріп, әйгілі сауда белгілерінің атын жамылғандардың жолы кесілмей отыр дейді жауаптылар.
Мұқтар Әбдезов, Шымкент қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы: «Кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргіземіз. Ең біріншілер бизнес өкілдері өз маркетингіне аса сақтықпен қарау керек. Біздің мамандар тіркеу бойынша барлық жағынан көмектеуге әзір».
Жуырда ғана облыстың құрамынан бөлініп шыққан жаңа департамент алдағы уақытта 8 бөлім бойынша қызметке кірісіп, жұмысын сапасын көтеруге кіріскен. Сала басшысы қазір департаментке қарасты Әділет басқармалары мен аумақтық сот орындаушыларын толығымен аталған мекеме ғимаратына көшіру жалғасып жатыр дейді.
Мақпал Рысбаева