“ЛТД «Тұрмыс» ЖШС-нің жұмысшысын автобус қағып кетті

476

Бүгін таңертеңгісін Темірлан тас жолы бойында қоғамдық көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Көше тазалап жүрген «ЛТД Тұрмыс» серіктестігінің жұмысшысын автобус жаншып кеткен.

Марқұмның жасы шамамен 40-та. Тағы алтыдан жұмысын бастайтын серіктестік жұмысшысы өзіне бекітілген аумақты тазалаумен айналысып жатқан. Көзге алыстан байқалатын сары түсті күртеше киген әйелді автобус жүргізушісінің байқамауы мүмкін емес.

Оқиға орнында тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жол көлік оқиғасының қалай орын алғанын анықталу үстінде.