Шымкентте демалыс күндері қалалық жедел жәрдем стансасына түскен шақыртулардың саны артқан. Нақтырақ айтқанда, 6 — 7 -қаңтар күні 103-нөмеріне орташа есеппен 1800-ге жуық қоңырау келіп түскен.
Шақыртулардың басым бөлігі жедел респираторлы вирустар, тыныс алу жолдарының аурулары сынды шағымдарға байланысты түскен.
Дәрігерлердің айтуынша, суық тию ауруларының артуы қазіргі кезде қалыпты жағдай. Вирустық аурулардың көбеюін мамандар эпидемиялогиялық кезеңмен байланысытырады.
Лаура Нақыпқызы